Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жыл соңына дейін АХҚО-да ислам құнды қағаздары шығарылады

AstanaTV
04.07.2018ж. 20:00
2818
Жыл соңына дейін АХҚО-да ислам құнды қағаздары шығарылады

Жыл соңына дейін Астана халықаралық қаржы орталығында ислам құнды қағаздары шығарылады. Бұл туралы Astana Finance Days-те премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. "Сукук" эмиссиясы мемлекеттік облигация ретінде шығады деп жоспарланған. Пленарлық сессияға қатысқан Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджар Қазақстан экономикасына бағытталған қаржы көлемі бүгінде 2,4 млрд доллардан асқанын айтты. Қаржыландыру ауыл шаруашылығы, көлік және қаржы секторларына бағытталған.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

АҚХО Азия даму банкі мен Ислам даму банкімен бірлесе қажетті құқықтық және реттеу жүйесі енгізілген. Жыл соңына дейін сукук мемлекетттік құнды қағаздар эмиссиясы шығарылады. Болашақта АХҚО ислам қаржыландыру бойынша аймақтық хабқа айналады деген үміттеміз.

Қаржы орталығы негізі үш бағытқа жұмыс істейді. Біріншісі - Орталық Азия, Кавказ маңы, Моңғолия, екіншісі - Еуразиялық экономикалық одақ елдері, үшінші шеңбер - Ұлы жібек жолы бойындағы мемлекеттер мен Қытай инвесторларын тарту.

"Астана халықаралық қаржы орталығы Елордамыздың тағдырын қайталайды". Осылай деген Қайрат Келімбетов 20 жыл бұрын ешкім сене қоймаған идеяның сәтті жүзеге асқанын еске салды. Қаржы орталығы да солай болуы тиіс дейді.

Қайрат Келімбетов, АХҚО басқарушысы:

"Астана" қаржы әлемінде жаңа тренд қалыптастыратын жетекші ғаламдық қаржы орталығы ретінде мойындалады деп сенемін. Біз алдағы 20 жылда осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.