Негізгі / Жаңалықтар / "Нұр Отан" партиясының қатары 2 мыңнан астам адаммен толықты

"Нұр Отан" партиясының қатары 2 мыңнан астам адаммен толықты

"Нұр Отан" партиясының қатары бірқатар жас азаматтармен толықты. Бұл Астана күні қарсаңындағы дәстүрлі шара. Биыл саяси ұйымның мүшесі атану оңайға түспеген. Яғни үміткер жастардың барлығы да түрлі талаптар бойынша мұқият  іріктелді. Оларға партиялық билет Астананың 20 жылдығына орай салтанатты түрде табысталды.

Білім мен біліктілік, бейімділік пен бәсекеге қабілеттілік. Бұдан былай партия қатарына қабылданатындар осындай талаптармен іріктеледі. Бұған сай болып шыққан түрлі саладағы 19 жас бүгін партия қатарына енді. Солардың бірі - Нияз Сүндетәлиев. Өзі арбаға таңылса да, мүгедек жандардың мәселесін шешіп, қайырымдылықпен айналысып келеді.

М.Әшімбаев:

Нияз - это тот человек, который является своими поступками, своими действиями, своей волей примером для всей нашей молодежи. Нияз, мы гордимся, что ты с нами.

Нияз мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жобаларын партиямен бірлесіп жүзеге асырмақ.  

Нияз Сүндетәлиев, "Жас Отан" ЖҚ орталық кеңесінің мүшесі:

Менің арманым - "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында арбаға таңылған адамдарды Қазақстанның қасиеттін жерлерін аралату. Табиғатын, тарихи ескерткіштерін, қорықтарын көрсетіп, тарихымен таныстыратын жобаны қолға алу. Өкінішке орай, қазір елде мұндай жоба жоқ.

"Нұр Отанға" мүше  атанған 19 жастың барлығы - қандай да бір белесті бағындырған азамат. Президент бастамаларын қолдайтын жалынды жастардың тілегі - елді алға жетелеу. 

Әбутәліп Мүтәлі ,"Stem" академиясының негізін қалаушы:

Қазақстан кезінде мұнай мен мысты экспортқа шығарған болсақ, қазіргі таңда біз білімді экспортқа шығаруға күшіміз бар. Сондықтан барлығымыз ақылды, сапалы халық тәрбиелеуге етене еңбек етейік.

Дархан Сәдуақасов, құрылыс компаниясының директоры:

Мен халықпен, президентпен бірге болғым келеді. Президенттің бес бастамасы мен "Нұр Отан" партиясы алдында тұрған өзге де игі жобаларды жүзеге асыру ісін бақылағым келеді.

Бүгінде партия 22 жобаны қолға алған. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астананың мерейтойына орайластырылған салтанатты шарада саяси ұйым қатарына қосылған жастарды осы іске білік сыбана кірісуге шақырды.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Әлемдегі заманауи технологияны партия жұмысында пайдаланып, жаңа тетіктерді, жаңа тәсілдерді, жаңа механизмдерді біздің күнделікті жұмысымызға енгізіп, Елбасының қойған барлық тапсырмаларын орындау. Осы жұмыстардың нәтижесінде біз Елбасы саясатын тиімді жүзеге асыратын, нәтижелі жұмыс істейтін  21-ші ғасырдың партиясын құрамыз деп сенеміз. Осы мақсатқа бәріміз бір үйдің баласындай жұмылып жұмыс істейік. 

"Нұр Отан" партиясының 1 миллионнан астам мүшесі бар. Бүгін оның қатары 2 мыңнанан астам адаммен толықты.