Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жаңа зейнетақы базасы бойынша оралмандардың еңбек өтілі есептелмейді

AstanaTV
04.07.2018ж. 20:00
3742
Жаңа зейнетақы базасы бойынша оралмандардың еңбек өтілі есептелмейді

Жаңа зейнетақы базасы бойынша оралмандардың еңбек өтілі есептелмейді. Бұл туралы еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты. Арнайы брифинг барысында ол осы мәселені түсіндіре кетті. Қытайдан оралған азаматтарда еңбек кітапшасы қарастырылмаған. Сондықтан еңбек өтілін көрсету қиыншылық тудырады,- дейді министр. Алдағы уақытта бұл мәселенің шешімін табатынын хабарлады.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қытайдың мемлекеттік органдарына арнайы xат жаздық. Олармен бір келісімге келуіміз керек. Олар келісім берсе, еңбек өтілін осындай ретпен санайтын боламыз.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны есептеудің жаңа жүйесі енгізілді. Минстрліктің ақпарынша, бір миллионға жуық зейнеткердің алатын ақшасы екі есеге артқан. Әр қазақстандық зейнетақы мөлшерін «электронды үкімет» порталынан немесе «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-кеңселерінен бақылай алады.