Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістан облысының тұрғыны Бас прокуратураға үміт артады

AstanaTV
04.07.2018ж. 20:00
1722
Түркістан облысының тұрғыны Бас прокуратураға үміт артады

Астанадан әділдік іздейді. Түркістан облысының тұрғыны Дүйсенбек Сазанбекұлы Елордаға арызын арқалай келген. Депутаттарға жанайқайын жеткізбек болған азаматты мәжілісмен Светлана Бычкова қабылдап, істің ақ-қарасын анықтау үшін Бас прокуратураға сауал жіберген.

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қария қабылдауымда болды. Мәселе менің құзырыма кірмейді. Сондықтан оның шағымын Бас прокуратураның тексеруіне жібердім. Құзырлы орган алдағы уақытта маған да, жәбірленушіге де жауап беруі тиіс.

Осыдан біраз уақыт бұрын зіңгіттей жігіттерден жәбір көрдім деген ақсақалдың мұңын жеткізген едік. Айтуынша, наурыздың аяғында үш жігіт қарияны үйінен алдап шығарған. Көлікке мінгізіп, қаланың сыртына апарып, «тілшілерге ауылдағы проблемаларды неге айтасың?» деп қоқан-лоққы көрсеткен. Осы оқиғадан соң полицейлер іс қозғап, үш күдікті ұсталған еді. Алайда, көп ұзамай олар бостандыққа шыққан көрінеді. Қария жергілікті полицейлердің өзіне күш көрсеткендерге қатысты істі әдейі созбаққа салғанына ашулы. Астанаға арнайы келген Дүйсенбек Сазанбекұлының ендігі үміті Бас прокуратурада.