Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Нұротандықтардың қатары жаңа есімдермен толықты

AstanaTV
04.07.2018ж. 20:00
1723
Нұротандықтардың қатары жаңа есімдермен толықты

Нұротандықтардың қатары жаңа есімдермен толығып жатыр. Еліміздің көркеюіне елеулі еңбек сіңірген бір топ адам партияға мүше болып қабылданды. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай өткен салтанатты жиында 10 адамға партия билеттері табыс етілді. Бұлардың қатарында мұғалім, дәрігер, шығармашылық адамдары бар. Осы уақытқа дейін Қазақстанның дамуына септігін тигізген жандарды нұротандықтар арнайы төсбелгі және дипломдармен марапаттады. Партияға мүше болған 26 жастағы елордалық әнші үйіне ерекше шабыт, күш-қуат алып  қайтты. 

Бахтияр Адамжан, «Астана опера» театрының жетекші-солисті:

Тек қана бұрын  театр атынан және елдің атынан шықсақ, қазіргі таңда енді үлкен бір партия мүшесі болып, тағы да  бұл деген сонда да мен үшін, жас болсам да,  үлкен дәреже, жетістік.  

Владислав Сергеев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Партия қатарына кірген әр адам ел болашағы үшін еңбек етіп, халықтар арасындағы бірліктің нығаюйын қамтамасыз етеді. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жүзеге асыру бағытында тер төгуі керек. 

Алматы облысында «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында коворкинг орталығы ашылды. Жамбыл ауданындағы орталық, жастардың жасампаз ойлары мен озық идеяларын іске асыратын орын болмақ. Тегін интернет желісі, маңызды мәліметтер қоры мен қызықты кітаптар келушілердің ойлау өрісін жетілдірмек. Дебаттық алаңдар мен түрлі мамандардың шеберлік сағаттары өткізіледі. Жобаның жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болған.

Ықылас Амалбек, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: 

24 ауылдық округте орналасқан кітапханалар компьютер жабдықтарымен қамтамасыз етілген. «Нұр Отан» партиясы тарапынан біз сол компьютерлерге интернет желісін таратуды қолға алып жатырмыз.