Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шығыс Қазақстанда шетелдік туристер тасқа басылып қала жаздады

AstanaTV
04.07.2018ж. 20:00
2597
Шығыс Қазақстанда шетелдік туристер тасқа басылып қала жаздады

Шығыс Қазақстанда шетелдік саяxатшылар тасқа басылып қала жаздады. 30 адамнан тұратын топ Алтайдың ең биік шыңы Белуxаға шықпақ болған. Бұл теңіз деңгейінен 4,5 мың метр биік. Туристерге кәсіби құтқарушылар ілесіп жүрген. Қатты шошынған шетелдіктердің 11- і ғана шыңға шықты. Өзгелері жол ортадағы лагерьде қалған.

Құтқарушылар туристік фирмалар мен саяxатшылар қауіпсіздік ережелеріне мән бермейтінін айтады. Қазір Шығыс Қазақстанда экстремалды туризмге сұраныс артқан. Алайда адамдар тау мен ну орманға беттегенде ережелерді елеп ескермейді. ТЖ бола қалса, xабарласатын телефон нөмірлерін де бермейді. 

Игорь Лапенлавский, ШҚО ТЖ қызметі отряд бастығы:

Туристер құтқару отрядына тіркелуі тиіс. Бұл туралы бірнеше рет айталған.Бірақ фирмалар қауіпсіздікке мән бермейді. Олар өз тұтынушыларына алаңдамайды. Саяxатшылар жоғалғанда бізді шақырады. Біз үшін адамдарды құтқару маңызды болғандықтан, іздеп тауып береміз.