Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Футболдан әлем чемпионатының ¼ финалына шыққан барлық құрама анықталды

AstanaTV
04.07.2018ж. 20:00
1786
Футболдан әлем чемпионатының ¼ финалына шыққан барлық құрама анықталды

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан барлық құрамалар анықталды. Күні кеше Англия құрамасы Колумбиядан пенальти кезеңінде басым түскен.  Осылайша, команданың үздік шабуылшысы Харри Кейн 6 гол соғып, сұр мергендер көшін бастап тұр.

Енді ¼-ші финалда ағылшындар Швецияға қарсы өнер көрсетеді. Мұнан өзге Ресей - Хорватия, Уругвай - Франция, Бразилия - Бельгия құрамалары сайысқа түспек. Жартылай финалға жолдама беретін ойын 6-шы шілде күні Уругвай құрамасы мен Франция арасында бастау алады. Ал әлем чемпионатының финалдық кездесуі 15-ші шілде күні Мәскеудегі Лужники стадионында өтеді.