"Астана"
телеарнасының Бас директоры Ләззат Танысбай "Нұр-Медиа" холдингінің
Бас директоры болып тағайындалды. Дегенмен ол "Астана" арнасындағы
қызметінде қала береді. "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші
орынбасары "Нұр-Медиа" жұмысын жаңа деңгейге көтеру жоспарланып
отырғанын айтты. Мәулен Әшімбаев: "Ләззат Танысбай өзін масс-медиа
саласының талантты қызметкері ретінде таныта білді. Сондықтан оның басшылыққа
тағайындалуы партиялық холдинг қызметіне серпін береді",- деді. 2008 жылы
"Нұр Отан" партиясының бастамасымен құрылған медиахолдингке танымал
БАҚ қарайды. Ол "Айқын", "Литер", "Түркістан"
республикалық қоғамдық-саяси газеттері, "Қазақстан теміржолшысы"
басылымы, "Астана" телеарнасы
мен NS және Орда ФМ радиолары.