$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Жыл сайын пара алғаны үшін 40 шақты сот орындаушысы жазаланады

AstanaTV
06.06.2016ж. 20:00
1508
Жыл сайын пара алғаны үшін 40 шақты сот орындаушысы жазаланады

Сот орындаушылары жалақы төмендігінен пара алуға мәжбүр. Мәжілістегі Үкімет сағатында Әділет министрі Берік Имашев осыны мәлімдеді. Сот орындаушылар институттарының дамуы туралы баяндаған ол жыл сайын 40 шақты сот орындаушысы жазаға тартылатынын айтты. Олар 70 мың теңге төңірегінде жалақы алатын көрінеді.

Осы жылдың бірінші тоқсанында сот орындаушыларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалған. Сондықтан министр жеке сот орындаушыларының санын арттырған тиімді екенін айтты. Олар мемлекеттік сот орындаушыларына қарағанда, жұмысты тыңғылықты атқаратын көрінеді. Алайда жеке сот орындаушылары шалғайдағы аудандарға барып жұмыс істеуге құлықсыз. Қазір мемлекеттік сот орындаушыларының 30 пайыздайы ғана қалған. Алдағы 3 жылда саланы толық жеке сот орындаушылар жүйесіне көшіру жоспары тұр. 

Берік Имашев, ҚР Әділет министрі:

Жеке сот орындаушыларының саны 1200 адамға жетті. Бұл 2015 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 2 есе артық. Ал көмекшілерімен қоса есептегенде, жеке орындау саласында 4 мыңдай маман бар. Бірінші тоқсанда жеке орындаушыларда 924 мың іс болды. Ал мемлекеттік сот орындаушыларының қолындағы іс бұдан 300 мыңға кем.