Негізгі / Жаңалықтар / БҚО-дағы Дариян ауылында коворкинг орталық ашылды

БҚО-дағы Дариян ауылында коворкинг орталық ашылды

«Шабыт» жастарға шабыт бермек. Батыс Қазақстан облысындағы Дариян ауылында жаңа коворкинг орталығы өз жұмысын бастады. Орталық Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған. «Жұмыс аймағы», «ойын» және «демалыс аймақтарына» бөлінген орталықта бизнес-тренингтер, шеберлік сағаты, пікірталастар, дизайнерлер мен фотосуретшілерді үйрету секілді түрлі жұмыстар жоспарланған. Мұнда келуші жастар интернет желісін, материалдық-техникалық базаны тегін пайдалана алады. Сондай-ақ ауданның тарихы туралы да деректер көрсетілген. Әрі жергілікті өлкетанушылардың да еңбектері цифрланып, орталық қорын толықтырмақ. Бұдан бөлек коворкинг орталығында үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық, дартс ойындарын ойнап, көңіл көтеруге болады. Орталық қызметкерлері мен ауыл жастары осында іске асырар идеяларының көп екендігін айтып отыр.

Архат Исламғали, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты:

Дәл осындай заманауи 4 кітапхана бізде өз жұмысын бастайтын болады. Яғни мұндай коворкинг оталықтарда жастар өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдаланып және біздердегі қол жетпейтін электронды нұсқадағы кітаптарды оқуға өз мүмкіндігін алады. Мұндай коворкинг орталықтар қазір біздің облыс орталығында жұмыс істеп жатыр. Бұған қоса облыстың барлық аудандарында ашу жоспарланып отыр бүгінгі таңда.