Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жапондық әйгілі NHK радиожурналистері өз тәжірибесімен бөліседі

AstanaTV
09.07.2018ж. 20:00
1875
Жапондық әйгілі NHK радиожурналистері өз тәжірибесімен бөліседі

Әйгілі NHK радиожурналистері қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөліседі. Жапондық мамандар Астанаға «Азияның медиа диалогы» атты семинар аясында келді. Үш күнге ұласатын жиында телерадиохабар тарату саласын заманға сай дамыту ісі талқыланбақ.

Форум 10-12 шілдеде өтеді. Жиын аясында бірнеше маңызды шаралар өткізу жоспарланған. Солардың бірі - «ABU Radio Song Festival» ән фестивалі. Конкурста Түркия, Непал және Қазақстан сияқты елдердің әншілері бақ сынайды. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің "Евровидение" іспетті жыл сайынғы фестивалі. Байқау "Қазмедиа" орталығының киноконцерт залында өтеді. Кіру тегін.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Талқыланатын басты тақырыптарының бірі - телерадиохабар тарату саласын заманға сай дамыту болмақ. Форумға Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100-ден аса өкілі қатысады. Телевизия мен радионы жоғары технология бойынша әрдайым дамытып отыру қажет екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары да бұл үрдістен қалыс қалмауы керек.