Өскеменде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға
арналған жаттығу залы ашылды. Енді оқырмандарының басым бөлігі мүгедектер болып
табылатын Пушкин кітапханасында спорттық алаң жұмыс істейтін болады.
Бұл
арнайы қондырғылар. Олар түрлі жарақаты бар ауыр науқастарға оңалту
бағдарламасын өтуге мүмкіндік бермек. Әсіресе, омыртқасы зақымданған, сал,
инсульт сынды күрделі сырқаттарға қажет жаттығулар кешені ұсынылып отыр. Атап
өтері, бұл жерде кембағал жандар күн сайын тегін жаттыға алады. Инструкторлар
әр адаммен жеке жұмыс істеп, арнайы бағдарлама құруға әзір екендіктерін
жеткізді. Тағы бір жағымды жаңалығы - зал арбаға таңылғандарға да
ыңғайландырылып жабдықталған. Кәсіби мамандар мүмкіндігі шектеулі жандарды
бодибилдерлер жарысына шақырып үлгеріпті. Айта кетері, олар тек көрермен емес,
қатысушы ретінде жолдама алды.
Әсем
Қаржанқызы, Өскемен қаласының тұрғыны:
Қалай
дұрыс тамақтану керектігін оқып қана қоймай, іс жүзінде осы залға келіп
дайындала аламын, сондай-ақ біз студент
болғандықтан, барлығы тегін. Мүмкіндігі
шектеулі жандарға да өте қолайлы, оларға біз де көмектесеміз. Олардың өмірге
құлшынысы артатыны сөзсіз.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ