Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нью Йорк халықаралық автосалоны

AstanaTV
26.03.2016ж. 20:00
1617
 Нью Йорк халықаралық автосалоны

Манхэттендегі  автошоуда «тұсауы кесілген» жап-жаңа көліктер көп болған жоқ. Бірақ жоғары технологиялық және айтулы модельдерге бай. Жол талғамайтын машиналар, кроссоверлер мен спорткупелер. Мысалы:

­­Lincoln Navigator

Жол талғамайтын автомобильдің жүргізуші орындығында 30 реттегіш бар. Мұндай концепт бұрын ешқандай көлікте болмаған. Сонымен бірге есіктері жоғарыға  ашылады. Жол талғамайтын машинаға тән емес. Салонға ыңғайлы кіру үшін жылжымалы баспалдақ қарастырылған. Ал жүк салғышында зат қоятын шкаф орналастырылған. Бір сөзбен айтқанда дөңгелек үстіндегі үйшік.

Audi R8 Spyder

Audi R8 спорткарының жаңа буынының төбесі жеңіл, жиналмалы. Сағатына 50 шақырым алған кезде де 20 секундтың ішінде ашылады. 37 элементтен тұратын жарықдиодты фармен жабдықталған. Ақшасын төлеп, лазерлі оптика орнатып алуға болады.  540 аттың күшіне пара-пар қозғалтқышы бар. Жылдамдықты сағатына 320 шақырымға арттыра алады. 

Осындай автомобильдер. Ал бізге стратегиялық жоспарларды орындау керек...

«Біздің уақытты» «astanatv.kz» сайтынан көріп, оқи аласыздар. Келесі сенбіде жүздескенше!