Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралда суретші Аңсаған Мұстафаның көрмесі өтіп жатыр

AstanaTV
13.07.2018ж. 20:00
3723
Оралда суретші Аңсаған Мұстафаның көрмесі өтіп жатыр

Оралдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафаның көрмесі өтіп жатыр. Мұнда суретшінің 40-тан астам туындысы қойылған. Қылқалам шебері әр шығармасында қоғам індетіне айналған өзекті мәселелерді көтеруге тырысыпты. Тушьпен, қылқаламмен кескіндеген бейнелердің салыну техникасы барынша қарапайым көрінгенімен, мән-мағынасы терең. Сондықтан да көрмеге келушілерді үлкен ойға қалдырады, -дейді мұражай қызметкерлері. Аңсағанның суреттері әсіресе әлеуметтік желілерде кеңінен таралған. Тіпті алыс-жақын шетелдерде де мойындалып үлгірген. Мұнда ана мен бала, ұрпақ тәрбиесі, қауқарсыз қарттық пен әлеуметтік саладағы өзге де түйткілдер көрініс тапқан.

Надия Жастлек, БҚО тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:

Жас қыздардың түсік жасатуы туралы және де қарт адамдарды қарттар үйіне орналастыру проблемалары қазіргі таңда көп айтылмағанмен де, көптеген пікірталастар туындайды. Және де біздің музейге келген кезде музейдің барлық залдарымен таныстырып өткеннен кейін бұл көрмеге бөлек уақыт бөлеміз.