Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Дональд Трамп пен Владимир Путиннің көптен күтілген келіссөздері бүгін жүзеге асты

AstanaTV
16.07.2018ж. 20:00
2805
Дональд Трамп пен Владимир Путиннің көптен күтілген келіссөздері бүгін жүзеге асты

Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр. Әзірге қандай да бір мәлімдемелер жарияланған жоқ. БАҚ өкілдерінің қатысуымен саммит алдында Хельсинкиде қос президент бір-біріне ілтипат білдірді. Дональд Трамп Ресейді футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады. Ал Ресей басшысы аса маңызды сұрақтарды шешу керектігіне назар аударды. Трамп өз кезегінде Ресеймен достығын атап өтіп, мұны жақсы сәт деп бағалады. Ақ үй басшысы сауда-саттық, әскери әрекеттер, ядролық қару туралы талқылауды қажет етіп тұрған бірнеше маңызды сұрақтарды белгіледі.

Біздің арамызда байланыс жалғасып жатыр. Біз телефонмен де сөйлестік, түрлі халықаралық шараларда да бірнеше рет кездестік. Енді біздің екі жақты қарым-қатынасымыз туралы және әлемдегі ауыртпалықтарға қатысты жан-жақты сөйлесетін кез келді. Ал олардың саны жетерлік.

Біз әлемдегі ядролық қару бойынша екі алпауыт күшпіз. Бірге есептегенде дүниедегі барлық ядролық мүмкіндіктің 90 пайызы біздің қолымызда. Және бұл жақсы емес. Бұл дұрыс емес. Сондықтан бізге бұл жағдайды жақсарту керек.

Аз кем тілдескен соң қос державаның басшысы кездесулерін жабық есік жағдайында жүргізді. Ақпарат құралдарына бұдан артық мәлімет берілмеді. Айта кетерлігі, Хельсинкиде өтіп жатқан америкалық-ресейлік саммит екі президенттің өзге халықаралық шараларға байланбай, тікелей кездесуіне алғаш рет жағдай жасады.