Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тобыл өңірінде жайылым жерді өзге шаруаға бермек болған ауыл әкімі жауапқа тартылмақ

AstanaTV
16.07.2018ж. 20:00
1736
Тобыл өңірінде жайылым жерді өзге шаруаға бермек болған ауыл әкімі жауапқа тартылмақ

Тобыл өңірінде жайылым жерге қатысты шартты бұзып, алқапты өзге шаруаға бермек болған шенеунік қызметінен шеттетілді. Ауыл әкімінің әрекеті енді тәртіптік кеңесте қаралмақ. Архиповка ауылы әкімінің әрекеті мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өткізген баспасөз жиынында айтылды. Оған қатысты қызметтік тексеріс басталған. Аудан басшылығының айтуынша, жергілікті атқамінер сәуір айында «Заря» акционерлік қоғамымен жасалған меморандумды біржақты бұзып, өзге шаруа қожалығымен шартқа отырған көрінеді. Жиырма жылдан бері жергілікті тұрғындарды жем-шөппен қамтамасыз етіп келген акционерлік қоғам меморандумды бұзуға еш негізі болған жоқ дейді.

Құрманғазы Сәдуақасов, Меңдіғара ауданы әкімінің орынбасары:

Бұрынғы шартты келесі жылға қалдыруға болар еді және де әкімнің өзіні қолымен берген қолхаты бар. «Заря» АҚ шарттарының барлығын уақытында орныдап отыр деген. Сондықтан ол кісінің шартты бұзып, басқа адаммен шартқа отыратын ешқандай негізі болған жоқ.

Акционерлік қоғамның директоры Александр Климконың айтуынша, жергілікті әкімдіктің еншісіндегі жердің аумағы 1300 гектардан асады. Алқаптың жартысы шабындық, қалғаны жайылым. Жерді баптап, құнарлы мал азығын алу үшін жыл сайын 10 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсайтын көрінеді.