$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Алматы облысында аудандық сот жалақысын ала алмағандардың арызын қанағаттандырды

AstanaTV
16.07.2018ж. 20:00
2526
Алматы облысында аудандық сот жалақысын ала алмағандардың арызын қанағаттандырды

Алматы облысында еңбек дауы жұмысшылардың жеңісімен аяқталды. Іле аудандық соты бүгін 9 айдан бері жалақыларын ала алмаған азаматтардың арызын қанағаттандырды. Маусым айында Алматы облысы «Көлащы» ауылында мектеп құрылысына қатысқан 200 адамның еңбекақы ала алмай жүргенін айтқан едік. Енді құрылыс компаниясы сот шешіміне сәйкес тез арада тиісті қаражатты өтеуі тиіс.

Қарлығаш Датқаева, қорғаушы:

Бұл азаматтрадың Еңбек кодексі бойынша және Азаматтық кодекстің 138 бабы бойынша құқықтары бұзылған. Біз осы заңдар негізінде сотқа талап-арыз ұсынып отырмыз. Бұл жағдайда еңбекақы өндіру, моральдық зиянды өндіру және сот шығындарының өндірілуі туралы талап қойып отырмыз.

Құрылыс серіктестігі жұмысшылар алдында барлығы 34 млн теңге берешек. Сот 7 бригада жұмысшыларының жалақысын қайтаруды міндеттеді. Құрылыс компаниясы оларға 19 миллион теңге қайтаруы тиіс. Бірақ кейбір бригадалар құрылыс нысандарында еңбек еткендерін құжатпен дәлелдей алмаған.