$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Жыл басынан бері босану орталықтарында 31 әйел көз жұмған

AstanaTV
17.07.2018ж. 20:00
2650
Жыл басынан бері босану орталықтарында 31 әйел көз жұмған

Жыл басынан бері елде 31 әйел бала үстінде көз жұмған. Оның төртеуі Астанада тіркеліп отыр. Соңғы айда жиілеп кеткен ана өліміне қатысты премьер-министрге Елжан Біртанов пен Әсет Исекешов жауап берді. Министр маман тапшылығына шағымданды. Қазіргі таңда 8 облыста босану орталықтарына жауапты басқарма басшысының орны бос тұр. Елде күнделікті 400 нәресте дүниеге келеді. Ал оларды босандыратын 340 акушер-гинеколог жетіспейді. Қала әкімі болса, Изральден тәжірибелі мамандар шақырып, астаналық дәрігерлерді оқытамыз дейді. Күні кеше қаза болған астаналық келіншек 34 жаста болған. Марқұм үшінші баласына босанған. Жағдайы бала босанған соң күрт нашарлаған. Ал нәресте аман, жағдайы бірқалыпты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Қазіргі күнде қажетті зерттеу жұмыстары өткізлуде. Барлығы шілде айында болған соң, зерттеу біткен соң ақпарат береміз. Астана қаласы бойныша амбулаториялық деңгейде қандай қызмет көрсетілді соның бәрін тексеріп жатырмыз. Арнайы штаб құрылған.

Министр жас аналарға денсаулығын күтуге кеңес берді. Қаза болған 4 әйелдің бірі жүкті кезде шылым шеккен деп отыр. Министрдің айтуынша, жүкті әйелдердің 70 пайызының ғана дені сау. Қалғаны есепке кеш тұрады. Немесе, денсаулыққа қауіпті болғанымен, босануға бел буатындар көрінеді.