$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақ үй басшысы еліне оралып үлгермей, тағы да сынның астында қалды

AstanaTV
17.07.2018ж. 20:00
2759
Ақ үй басшысы еліне оралып үлгермей, тағы да сынның астында қалды

Путин мен Трамптың кездесуі аяқталып, Ақ үй басшысы еліне оралып үлгермей, тағы да сынның астында қалды. Америка қоғамындағы белді сенатор Маккейн "Хельсинкиде өткен саммит өте үлкен қателік болды" деп бағалады. Ал Foxnews телеарнасына берген сұхбатында Владимир Путин әлемдік экономикада Ресейді оқшаулау әрекеті сәтсіз болғанын айтты. Ресей басшысы Сирия мен Солтүстік Кореядағы ахуал бойынша қол жеткізілген жетістіктерді жоғары бағалады. Дональд Трамп бұл келіссөздер Вашингтон мен Мәскеу арасындағы ірі диалогқа жол салды және бұл байланыс жалғасады деген ойын білдірді. Ең бастысы, қос президент қарулану саясатын азайту бағытында жұмыс істеу керектігін де атап өтті. 

Бізді біріктіретін дүниелер мен қандай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінген кезде, бір-бірімізбен күресуді доғару керектігіне көз жеткіземіз. Керісінше, ортақ қатерлермен күресу үшін күш біріктіру керек екенін түсінеміз. Сондықтан бұл жолдың басы деп есептеймін. Менің ойымша, осы бағытқа біз жақсы бастама бердік.

АҚШ пен Ресейдің арасы ешқашан қазіргіден жаман болған емес. Бірақ төрт сағат ішінде бұл қарым-қатынас өзгерді. Мен әлем мүддесі үшін саяси тәуекелге баруым мүмкін, бірақ саясат үшін әлемге қауіп төндіре алмаймын.

Ресей пен АҚШ-тың арасындағы тоң жібіп, сең қозғалғанын барша әлем бақылады десе болады. Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев "бұл келіссөздер Дональд Трамптың дипломатиялық жеңілісі" болды деп бағалады. Әсіресе, "Ресей Американың сайлау барысына араласқан жоқ деп, Мәскеуді жақтап кеткені түсініксіз болды" дейді саясаттанушы.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

Хельсинкиде өткен кездесуден Қазақстан сабақ алу керек. Өйткені соңғы жарты жыл мен бір жыл аралығында Қазақстанға мықты ақпараттық шабуыл жасалып жатыр. Бізді Еуразиялық экономикалық одақ байланыстырады. Көтерілген сұрақта маңызды сұрақтарға жауап берілмеді. Ресейдің сыртқы саясатында өзгеріс бола ма? Путин күшін көрсетті. Ал Трамп оны көрсете алмады.