Бүгін Астанада үлкен теннистен жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құрайтын «Президент Кубогы - 2018» халықаралық турнирі басталды. Сайыста 30 мемлекет үміт артқан 100 спортшы 22-ші шілдеге дейін бағын сынайтын болады. Олардың арасында әлем рейтингісінің үздіктері бар. Қазақстандық теннисшілерден Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Александр Бублик бастаған шеберлерге мамандар үміт артып отыр. Ал мықты ойыншылардың бірі Михаил Кукушкин мен Зарина Дияс жарақатына байланысты сайысқа қатыса алмайды. Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан спорт додасында әдеттегідей балалар мен әуесқой ойыншылар үздіктердің сайысын көріп қана қоймай, жарыста өз мүмкіндіктерін байқайтын болады. Сондай-ақ келер жылдың мамырында Астанада 2-ші үлкен теннис орталығы ашылатыны белгілі болды.
Диас Досқараев, ҚР теннис федерациясының вице-президенті:
Жерұйық
2 саябағында салынатын спорт кластеріндегі үлкен теннис кортының құрылысы 2
айдың ішінде басталады. Жобалық-сметалық құны дайын. Құрылысқа тендер
өткізілді. Мұнда ашық және жабық корттар болады. Канадалық үлгіде салынатын
үлкен теннис орталығының құны 2 млрд теңгеден асады.
Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы