Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әйгілі фигурист Денис Тен қайтыс болды

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
2489
Әйгілі фигурист Денис Тен қайтыс болды

Бүгін әйгілі фигурист Денис Тен қайтыс болды. Көлігін тонамақ болған екеу оны бірнеше жерден пышақтаған. Дәрігерлер көп қан жоғалтқан оны ажалдан арашалай алмады. Алматылық тілшіміз студиямен байланыста. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Олжас Нұржақып анықтады. Олжас, сөз кезегі өзіңізде.

Олжас Нұржақып, тілші:

Ия, Оксана... Денис Тен жедел жәрдем көлігімен мына №12 орталық ауруханаға түскі сағат 3-те түскен. Дәрігерлер өте ауыр халде жеткізілген науқасты дереу жансақтау бөліміне жеткізіп, оның жанын аман алып қалуға барын салғандарын айтады. Алайда, ажалдан арашалау мүмкін болмапты.

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Жарақат аяқ жағында болған, сол аяғында. Сол жерде ірі-ірі тамырлар өтеді. Сол жерде жарақат болған. Екі жарақат бар. Сол жарақаты ауыр болып саналады. Және де қан кету. Сондықтан да осында жағдай. Науқас реанимация бөлімінде қаралып, операция бөліміне алынып реанимациялық  шоктан өз-өзіне келтіру жүргізілді. Соған қарамастан, осындай жағдай орын алды.

Қазір аурухана маңында Денистің туыстары мен жақындары жүр. Ауруханаға түскелі оның аман қалуын тілеген олар көз жастарын тия алар емес.

Қапыда жақынынан айырылғандар оның бақилық болғанына сене алар емес. Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқиға Құрманғазы-Байсейтова көшелерінің қиылысында болған. Көлік тонаушылар ұрлыққа түспек болғанда, Денис қылмыс үстінен түскен. Сондағысы көлігінің айнасын ұрламақ болыпты. Тонаушы екеу пышақ ала жүгірген.

Ақылбек Үмбетәлиев, Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы басшсының міндетін атқарушысы:

Бұл оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Ол Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2-тармағы бойынша тергеліп жатыр. Яғни қасақана адам өлтіру дерегі бойынша, қазір екі күдікті іздестірілп жатыр. Қылмыстың ізін суытпай ашу үшін қалалық ішкі істер департаментінің барлық құрамы жұмылдырылды. Оқиға болған жерден заттай айғақ ретінде барлық қажетті заттар алынды.

Олжас Нұржақып, тілші:

Қазір Денис Теннің өліміне қатысты тергеу басталды. Пышақ сұққандар іздестіріліп жатыр. Оксана, әзірге белгілі болған ақпараттар осы.

   Денис Теннің өліміне қатысты істі Бас прокурор өз бақылауына алды. Бұл туралы жаңа ғана мәлім болды.