Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Денистің жеңісі

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
1707
Денистің жеңісі

Небәрі жиырма бес жасында қыршыннан қиылған Денис Тен бүкіл қазақ жанкүйелеріне небір әсерлі сәттерді сыйлаған бірегей спортшы еді. Ол мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль иегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ванкувердегі олимпиадада Денис өз деңгейінде өнер көрсетіп 10-орынға жайғасты. Мәнерлеп сырғанаудан әлемдік рейтингте 18-орында еді.