$516.01 €582.47 ₽6.26
×

ЭКСКЛЮЗИВ: «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында 50 кәсіпорын жабылу алдында

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
4900
ЭКСКЛЮЗИВ: «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында 50 кәсіпорын жабылу алдында

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағында 50 кәсіпорын бір күнде жабылып қалуы мүмкін. Оған салық кодексіндегі бір ғана әріптің өзгеруі түрткі болған. Беткеұстар экономикалық аймақтағы команиялар Үкіметтің іргесінде отырып банкроттық жағдайға қалай жетті? Бұл компаниялар 5 жыл бойы экономикалық аймақ шеңберінде қосымша құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлемемен жұмыс істедедік деп есептеген. Алайда былтыр Салық комитеті 5 жыл жиналып қалған қосымша құн салығын төлеу туралу есерту жібере бастаған. Бұл компаниялар аймаққа 2012 жылы қаңтарда кірген. Ол кезде нөлдік мөлшерелеме деген талап болған. Ал сол жылы желтоқсанда Кодекстегі 244-ші бапқа "на территорию" деген сөз "территорий" болып өзгерген. Мәселен, арнайы  аймақта құрылысқа арнап бетон шығаратын ірі компания  сол жағалаудағы ЕХРО-дан бастап барлық құрылыс нысандарына өз өнімін қосымша құн салығын төлемей еркін саудалаған. Жеме жеме келгенде 3 млрд теңге қарыз болып шыға келді. Оны бес жылдан соң біліп отыр.

Ибрагим Арыстанбаев, "АБК Мақсат" ЖСШ директоры:

Біз жалғыз емеспіз. Есеп бойынша 18 компания ескерту алған. Оның ішінде 3 млрд-ы біздікі. Барлық салық мөлшері 30 млрд теңге боалды. Олай болса, арнайы  экономикалық аймақтағы 50 зауытқа жабылуға тура келеді. Мәселе өте өткір тұр.

Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының IV сьезіне Қаржы министрлігінен жас маман ғана келді. Ол бұл мәселеге тұшымды жауап бере алмады. Депутат Перуашев түсініспеушілік "құрбаны" болған компанияларды жақтап салықшылармен соттасуға әзір.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі:

Біз Бас прокуратураға үндеу жолдаймыз. Заң бойынша ешқандай лауазымды орган сот шешімін қайта өзгерте алмайды. Жоғарғы сотқа шығуды да өз міндетіме аламын!