Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Биыл елде нысандардың мүгедектерге қолжетімділігі бағытында ұйымдастырылған тексерісте 235 нысанға 13,9 млн теңге айыппұл салынған

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
2630
Биыл елде нысандардың мүгедектерге қолжетімділігі бағытында ұйымдастырылған тексерісте 235 нысанға 13,9 млн теңге айыппұл салынған

Биыл елде нысандардың мүгедектерге қолжетімділігі бағытында ұйымдастарылған тексерісте 235 нысанға 13,9 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы «Кедергісіз келешек» партиялық жобаны жандандыру мақсатында өткізілген жиында белгілі болды. Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары елордалық мүгедектердің мәселесін тыңдап, қандай проблемалар шешілмей отырғанын білді. Диана Сапарқызы толықтырады.

Диана Сапарқызы, тілші:

Жарым жандардың мұңын «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары мен елорда әкімі тыңдады. "Кедергісіз келешек" партиялық жобасын қайта жандандырмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай кедергілер бар екенін айтқан жарымжандар өз ұсыныстарын ортаға салды.

Алмаз Ержан, «Еlaman» әлеуметтік-инновациялық жобалар қорының төрағасы:

Ұсынысым - барлық жерге мүгедектерді кіргізу керек. Генплан болсын, урбанистика болсын, барлық жерге мүгедек жандарды кіргізу керек. Себебі бізде конвенцияда айтылған, бізсіз ешқайда ештеңе жасалмау керек деген. Бұл ультиматум емес, бұл кәдімгі заңдылық.

Әкімдіктің хабарлауынша, Астанада 23 мыңнан астам мүгедек жан бар. Олар жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау үшін мыңнан астам нысан паспорттаудан өтен. Демек, ыңғайланған. Былтыр әкімдікпен 200 пандус салыныпты.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Қазір мыңнан астам нысанның 72 проценті мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғай жасалды. Айта кетсек, денсаулық сақтау - 35, спорт - 12, мәдениет - 15, білім беру - 71, сонымен бірге, шағын және орта бизнестің 388 нысаны бар. Ал, қалған 164 нысанда тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігінің ақпарынша, жыл басынан 305 тексеру жұмыстары жүргізілді. 235 нысанға 13,9 млн теңге болатын  63 әкімшілік айыппұл салынды. Партиялық жоба аясында, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сан алуан мәдени-спорттық секциялар ашылған. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мүгедек жандар үшін инфрақұрылым қолжетімділігін қамтамасыз ету - кезек күттірмейтін мәселе болуы керектігін айтты.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаланың қолжетімділігін ары қарай арттыра беруіміз керек. Осы салада елордамыз басқа өңірлерге үлгі болу керектігі түсінікті. Елордамыз соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатыр. 20 жыл ішінде үлкен-үлкен ғимараттар жасалды. Инфрақұрылым салынды.

Диана Сапарқызы, тілші:

Жиында елордадағы ерекше балалар үшін саябақтағы спорттық құрылғылардың санын көбейту ұсынылды. Сондай-ақ инклюзивті білім жүйесін жоғарғы оқу орындарына енгізуді сұрады. Ал мүмкіншілігі шектеулі жасөспірімдерді үйде оқыту әдісінің сапасын арттыру қажеттігі айтылды.