Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда халықтан жиналған қару-жарақ жойылды

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
4443
Оралда халықтан жиналған қару-жарақ жойылды

Бүгін оралдық полицейлер он қапшық қарудың көзін жойды. 200-ден астам суық қаруды тұрғындар өз еркімен тапсырған. Балқытылып, пешке тасталған мылтықтардың кейбірі тіркелмеген, заңды құжаттары жоқ. Ал кейбір қару-жарақ қылмыстық істердің заттай айғағы ретінде тәркіленіпті.

Биыл «Қару» акциясына Батыс Қазақстан облысына 5 млн теңге бөлінген. Күні бүгін бұл қаржының тең жарымы қаруын өз еркімен тапсырған тұрғындарға төленген. Зауыт пешінде балқытылып, темір шарға айналған суық қарулар енді бейбіт мақсаттағы өндіріс қажеттілігіне пайдаланылмақ. Бүгін балқытылған 221 мылтықтан 240 келі темір алынды.

Армат Сағитов, БҚО ІІД бөлім басшысы:

Бұл қарулар жыл басынан бері жиналды. Олардың ішінде аңшылық және шолақ мылтықтар, тіпті қолдан жасалған мылтықтар да бар. Газбен атылатын және травматикалық тапаншалар, электрошокерлер, түрлі пышақтар да бірге жойылады. Тіркелмеген, заңсыз сақталған қаруды азаматтардың өз еркімен тапсыруы дұрыс деп есептейміз. Осылай қылмыстың алдын-алуға болады.