Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Осымен екінші күн Астанада талапкерлер ата-аналарымен университет есігін торуылдап жүр

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
2387
Осымен екінші күн Астанада талапкерлер ата-аналарымен университет есігін торуылдап жүр

Білім және ғылым министрлігі электронды құжат қабылдауды әлі бастаған жоқ. Бүгін де жоғарғы оқу орындары құжаттарды қолма-қол толтырып жатыр. Бүгін Еуразия ұлттық университетінің қабылдау комиссиясы талапкерлер құжатын бұрынғы тәртіппен қабылдады. Бірақ бүгін кешегідей дүрлігу жоқ. Бұған дейін түлектер ата-аналары 12 сағаттап кезек күткендерін айтып шағымданған еді.

Күлшара Өмірзақова, Ақмола облысынан келген:

Кеше келдік. Бүгін мінеки. Кеше үлгере алмадық. Кеше зависла программа деді. Енді бүгін мінеки.

Біз сағат 9-да келеміз. Кезек көп. Бүгін 548-біз.  Кеше 652 болғанбыз.

Мұнда таң атқаннан кеш батқанша барлық аймақтан келгендер сабылып жүр. Өз кезегінен айырылып қалмау үшін олар бұл жерден екі қадам аттап шыға алмайды. Тіпті осыған байланысты өзге аймақтан келгендер қаланы көруге де шыға алмадық деп отыр. Ал Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті құжат қабылдауды тоқтатқан көрінеді. Осылай деген талапкерлер тек алыстан келгендердің құжаттарын қолхатпен алып қалып жатқандарын айтты. Түркістан облысынан келген Сәуле Жанай қызымен таңғы 5-тен бері оқу орнынан кете алмай жүргенін айтты.

Сәуле Жанай, ата-ана:

Азаннан бері осы жердеміз. Күтіп отырмыз базасын қашан ашылады екен деп. Қызымыз екеуміз азаннан бері осы жердеміз. Қайта алмай отырмыз. Арыс қаласынан 6-да келгенбіз. Істейді деп жатыр. Күтіп отырмыз ғой. Жақсы хабар болар деп.

Кейін техникалық мәселе шешілген кезде талапкерлер қайта келіп, құжаттарын электронды түрде тапсырулары тиіс. Еске сала кетейік, жоғары оқу орындарына құжат тапсыру кеше басталған. Бұл осы айдың 26-на дейін жалғасады. Ал құжаттарды қабылдау бойынша электронды базаның қашан қайта іске қосылатыны әзірше белгісіз.