Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан құқыққорғау органдары жүйесін жаңғырту үшін неміс тәжірибесі ескерілмек

AstanaTV
23.07.2018ж. 20:00
2283
Қазақстан құқыққорғау органдары жүйесін жаңғырту үшін неміс тәжірибесі ескерілмек

Елде құқыққорғау органдары жүйесін жаңғырту үшін шетелдік тәжірибе ескерілетін болады. Президент көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев Германияның озық тәжірибесімен танысып келген. Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Құқыққорғау органдары жүйесін жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі дамыған елдің кадрларды іріктеп, дайындау ісімен және сала қызметін ұйымдастыру жұмысын білген. Қазақстан тарапы ондағы құқыққорғау қызметінің тиімділігі мен мәртебесін арттыру, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мен жәрдемақы беру тәжірибесін ескермек.