Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тұрғын-үй құрылыс кооперативіне енбеген астаналық үлескерлер проблемалары шешілмей жатқанын айтты

AstanaTV
23.07.2018ж. 20:00
2688
Тұрғын-үй құрылыс кооперативіне енбеген астаналық үлескерлер проблемалары шешілмей жатқанын айтты

Астанада баспана құрылысына ақша құйған 92 отбасы 4 жыл бойы үй-күйсіз жүр. Үлескерлер құрылысы 2014 жылы  басталған "Тұран-Сығанақ" тұрғын- үй кешеніне 10 миллиардқа жуық қаржы салған. Алайда мердігер бар ақшаны алып, табанын жалтыратқан. Зардап шеккендер осы күні әкімдікке арызданудан шаршадық деп жүр.

Ұлғаным Рысқалиева, «Тұран-Сығанақ» ТК үлескері:

Хорошун Сергей Михайловичтің алдына мың рет бардық. Бірге болу үшін бірігейік деп. Бізді біріктірмей жүргенінің өзіне бір жылдай уақыт болды. Сандалып, әр прокуратураны алдына барып. Біздерге паевой договорға қол қоймадыңдар деп, ЖСК-ның мүшесі болмай қалдық. Біздерді сол паевой пункт бар 2.7 деген ол құрылыс біткеннен кейін ғана ақшаларынды төлейсіңдер деп айтты. Біз договорға қол қоймағаннан кейін 92  отбасын бөліп тастады. Біздер енді кім екеніміз де білмейіз.

Айта кетейік, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның үстінен құрылыс саласындағы кәсіпкер арызданған. Оның жетекшілігімен өтетін ведомствоаралық комиссияда үлескерлер мәселесі қаралады. Ақшасын, не үйін қайтара алмай жүргендердің айтуынша, қазір қала әкімдігі 40 нысанның мәселесін қарап жатыр. Әкімдік жанынан құрылған комиссияға 24 проблемалы тұрғын үй құрылыс кооперативі кіріпті. Бүгінде 5 үйдің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген.

Татьяна Чурсина, «Ода» үлескерлер қауымының өкілі:

Алаяқтың арбауына түскендерге тұрғын-үй құрылыс кооперативін құруға кеңес береміз. Себебі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін, оған қандай да бір құжат рәсімдеу үшін заңдық тұлға болу қажет. Ол нысанның меншік иесі болған жөн. Сонда ғана миллиондап қаржы құйған үлескерлер өз құқықтарын қорғай алады.