Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтауда ең үздік әлеуметтік бастамалар іріктелуде

AstanaTV
24.07.2018ж. 20:00
2220
Ақтауда ең үздік әлеуметтік бастамалар іріктелуде

Ақтауда "Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары" байқауына өтініштер іріктеліп жатыр. Бұл сынға 19 бастама ұсынылған. Солардың бірі ретінде көрсетілген «Қайырымды дүкен» жобасы көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл дүкен мұқтаж жандарды тегін киіммен, тамақпен қамтамасыз етіп, көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына қажетті мектеп құралдарымен көмектеседі. Игі жоба «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Иманғазы Досмұхамбетов, «Қайырымды дүкен» жобасының директоры:

Бұл идея көпшілікке ұнады. Көмекке зәру отбасылар да апта сайын көрсетілер көмекке дән риза. Күні бүгін тізімге енгізілген 62 отбасы киім мен азық-түлікті бізден алады.

Байқауға қатысуға үкіметтік емес ұйымдар, мүгедектер қоғамы және әлеуметтік жағдайы нашар тұрғындармен жұмыс істейтін өзге де ұйымдар өтініш білдіріпті. Ұсынылған жобалардың ішінен мүгедектерді жұмысқа тұрғызуды көздеген бастамалар мен тұрмыс жағдайы қиындап кеткен адамдарға қолдау секілді бастамаларды ерекше айтуға болады. Аймақтық байқауда топ жарған жеңімпаз республикалық кезеңге жолдама алады. Шара 27 шілдеде өз мәресіне жетеді.

Замира Болатова, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз хатшысы:

Өңірлік, аймақтық кезең аяқталды. Маңғыстау облысы бойынша 19 жоба түсті, аумақтық кезеңнен, 10 жоба  облысқа өтті. Қазіргі кезде облыстық кезеңнің комиссиялары республикаға өтетін жобаларды таңдайды.