$451.05 €504.95 ₽5.6

Конституция – қоғамдық келісімнің жаңа белесі

Конституция – қоғамдық келісімнің жаңа белесі

Конституцияның қабылдануы жай ғана заңдар жинағын жаңарту емес, бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын стратегиялық қадам. Этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі жоғары конституциялық мәртебеге ие Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына кіруі сөзіміздің дәлелі. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қызылжардағы түрлі этностардың өкілдері Әділет департаментінде қайтадан тіркеуден өткен. Бүгінде теріскейде 18 этномәдени бірлестік бар. Олардың құрамында 8 мыңға жуық адам мүшелік етеді. Қоғамдық келісім ұйымының айтуынша, түрлі ұлт өкілдері жыл басынан бастап жүзге жуық іс шара өткізген. 

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ең негізгі мақсаты этномәдени бірлестіктердің - біздің елімізде бірлік пен татулықты сақтау. Этномәдени бірлестіктердің өздерінің жобалары бар атқарып жатқан әрқайсысында. Мысалы әр ұлттың өзінің әдет-ғұрпын жасауда, өзінің тілін сақтап қалуда, әсіресе осы Қазақстанда тұрып жатқандықтан мемлекеттік тілді мәртебесін атқаруда біз “Мың бала” деген жобаны біз іске асырудамыз.