$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Каспийдің түбі көл ретінде бөлінеді

AstanaTV
17.08.2018ж. 20:00
3062
Каспийдің түбі көл ретінде бөлінеді

Каспийдің түбі көл ретінде бөліске түседі. Бүгін Сыртқы істер министрлігі өкілдері Каспий Конвенциясын түсіндіріп берді. Су алабының беті теңіз ретінде, түбі көл ретінде бөліске түседі. Оның қалай іске асатыны халықаралық құжатта көрсетілген. Су түбінің қақ ортасынан жағалауға дейін оңтүстіктен солтүстікке тікелей сызық жүргізіледі. Сәйкесінше, ең ұзын жағалау сызығы бар елге су түбі де көп тиесілі. Каспийдің жер қыртысында 10 млрд тонна мұнай мен газ қоры бар.

Зульфия Аманжолова, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:

Конвенцияда Каспий теңізінің түпкі бөлігі көл қағидаты бойынша, беткі жағы - бірқатар изомериямен теңіз заңының қағидасына сәйкес бөлінеді. Біз mutatis mutandis қағидасын ұстандық, яғни Каспий теңізіне қажетті өзгерістері бар қағидаларды қабылдадық.

Конвенция мәтіні бізде бес елдің парламенті ратификация жасаған соң жарияланады. Қазақстан заңы бойынша осылай. Ал 12 тамызда қабылданған құжат Ресей президентінің сайтында жарық көріп үлгерді.