Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отан» қызметкерлерді іріктеу мен оқытудың жаңа жүйесіне көшеді

AstanaTV
25.07.2018ж. 20:00
3134
«Нұр Отан» қызметкерлерді іріктеу мен оқытудың жаңа жүйесіне көшеді

«Нұр Отан» партиясы қызметкерлерді іріктеу мен оқытудың жаңа жүйесіне көшуде. Таяу уақытта Орталық аппаратта кадрлық құрамды күшейте түсу жоспарланған. Бұл туралы келешекте болатын партиялық ұйымның кадрлық саясатын кезең-кезеңмен жаңғырту және партиялық ұйымның жұмысына заманауи HR-технологияларды қолдану мәселелері талқыланған Town-hall кездесуінде Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Саяси ұйымның алдына қойылған барлық мақсаттары іске асу үшін партиялықтар Орталық аппаратта арнайы HR-қызметін құрып, олар кадрлық саясаттың жаңа тұжырымдамасын дайындауда. Сондай-ақ барлық қызметкерлерге арналған жаңа ынталандыру бағдарламасы әзірленді. Өз  кезегінде ол партиялықтарды өз жұмысының тиімділігін күшейтуге ынталандыра түседі.

Мәулен Әшімбаев алдағы кезеңде партия өз жұмысын бірнеше жаңа бағыттағы мамандарды тарту мен дайындауға бағыттайтынын атап өтті. Қызметкерлерді іріктеу мен бағалау тәсілі өзгереді. Жұмысқа алған және мансап баспалдағымен ілгерілетуде тек жұмыс тәжірибесі мен білімі ғана емес, адамның тұлғалық-іскерлік біліктілігі де ескерілетін болады. Осындай мақсатпен партияда біліктіліктің бірыңғай корпоративтік үлгісі құрылады және қызметкерлерді бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Әңгіме барысында Мәулен Әшімбаев кәсіби мамандардың қандай болуы керектігі туралы да ойын ортаға салды.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Ең алдымен мен адам бойындағы әдептілікті жоғары бағалаймын. Көзге түсу үшін жасалатын емес, шын мағынасындағы - бекзат әдептілікті. Екіншіден, менің кәсіби мамандарға деген құрметім ерекше. Қандай жұмыспен айналыссаң да, оны 100%  жан-тәніңмен беріліп істе. Оны ар-ұятыңа кір келтірмейтіндей, мақтау есту үшін емес, адамдар сүйсінетіндей етіп істе. Кәсіби маман ең алдымен өзі үшін жұмыс істейді, өйткені ол оның қандай да бір ішкі сеніміне сәйкес келеді. Үшіншіден, мен нақты позициясы, моральдық құндылықтары бар адамдарға сүйсінемін.