$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда полиция қызметкерлері көлік бөлшектері базарларын тексеруді бастады

AstanaTV
25.07.2018ж. 20:00
2837
Алматыда полиция қызметкерлері көлік бөлшектері базарларын тексеруді бастады

Алматыда «Құқық тәртібі» атты жедел тексеру іс-шарасы басталды. Денис Тен өлімінен кейін тәртіп сақшылары барлық автобөлшектер сататын базарларды тексеруге шықты. Оған 2 000 мыңға жуық полицей жұмылдырылған. Ал бұған дейін Ішкі істер департаментінің басшылығы "баса-көктеп кіріп тексеруге құқымыз жоқ" деген еді. Осындай тексерісті адам өлімі болмай неге жүргізбеске? Алғашқы тексеріс нәтижесі қандай? Олжас Нұржақып тарқатады.

Мынау - автобөлшектер сататын Жібек жолы көшесіндегі ең ірі базар. 1600 орынның 400-ге жуығында қолданылған қосалқы бөлшектер сатылады. Шақыртусыз келген полиция қызметкерлері оларды біраз састырды. Басым бөлігінде қажетті құжат болмай шықты. Бірақ олар тауарымыз шетелден жеткізіледі, ұрланған зат алмаймыз деп ақталды.

Бізге алып келеді, біз алмаймыз ондай айнаны. Маған лично келген, алған жоқпын. Ұрланғандар келеді.

Қазір иногда келеді, көп келмейді. Бұрын көп болатын. Қазір біздің 17 рядта алмайды ешкім. Өйткені бәрі Япониядан алып келеді.

Ал базар әкімшілігінің сатылып жатқан тауарлардың қайдан, қалай келетініне қатысты дерегі басқа.  

Қайрат Аятаев, «Жібек жолы» автобөлшектер базарының әкімгері:

АҚШ, Латвия, Германиядан алып келеді. Бірақ мен өзім бөлшектерді сатумен айналыспаймын. Сондықтан аса хабарым жоқ. Бірақ Шымкент арқылы келеді дейтіні, мүмкін, сол жақтан өткізу арзан болар. Шымкентке жеткізіледі шетелден. Кеденде рәсімделіп, сол қаладан Алматыға алып келеді. Ал заттарына құжаттары жоқ екенін ескермеппін. Мүмкін иелері шетелде болар. Келер жолы көшірмесін ұстап жүруді талап етемін.

Олжас Нұржақып, тілші:

Бұрындары тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған қосалқы сауда бөлшектері базарларынан бүгінде мән кеткендей. Санаулы жердегі нүкте ашық тұр демесеңіз, көпшілігіне құлып салынған.

Сондай базардың бірі - "Ақжол". Мұнда қолданылған автобөлшектер ғана саудаланады. Полиция әзірге мұнда тексеріспен бара қоймапты. Бірақ сатушылары бізбен тілдесуге құлықсыз. Ұрланған зат алмаймыз деп қысқа қайырды. Тауырымыз қолданылған болғанымен, шетелден арнайы контейнерлермен жеткізіледі дейді.

Полный растоможка жасалады бір контейнерге. Разница жоқ қой, металл деген документ қана болады, ұрланған ба, жоқ привозной ма, ешкім білмейді ғой?  Жоқ оны ешкім айыра алмайды. Бұл жерде қанша жылдан бері істейміз ғой. Естиміз, бірақ мұнда ондай әңгіме жоқ.

После Дениса все машины, зеркала, все проверяют. Пока у нас что-то случится, только тогда начинается. Сейчас нас месяц так будут проверять. -Кто проверяет? Базарские? - Нет, ОМОН. Они сами знают, что откуда приходит, все знают.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Ұсталған азаматтардың автобөлшекпен айналысқандардың тізімі толыққанды беріліп отыр. Олардың аты-жөні, мекен жайына дейін. Біраз сауда орындары қазір жабылды. Бірақ олар тексерілмейді деген сөз емес. Міндетті түрде тексереміз. Біз із кесушілерді қосамыз осы жұмысқа. Арнайы күнді белгілеп ол азаматтарды міндетті түрде полицияға шақырып, міндетті түрде түсініктеме аламыз.

Бұған дейін баса көктеп тексере алмаймыз деп ақталған тәртіп сақшылары, мұндай мүмкіндік тек арнайы шара кезінде ғана беріледі дейді. Полицейлер қайта айналып келгенде тағы құжат болмаса, онда барлық зат ұрланған болып саналатындығын ескертті. Тексеріс осы айдың 29-на дейін жалғасады.