27 мың қазақстандық азамат ақшасын шетелдік банктерде сақтайды. Жерлестеріміздің 820 млрд-тан аса теңгесі сырт елдердің 108 банкінде тұр. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары айтты. Өткен жылы 68 мың қазақстандық шетелдегі табысы мен активтерін көрсетуі тиіс декларцияны толтырған. Олардың көбі қаражатын Сингапур, Швейцария, Ливан, Корея Республикасы мен Ресей банктерінде ұстайтыны белгілі болды. Ақшадан бөлек, біздің елдің азаматтары 69 мемлекетте 12 мыңнан аса жылжымайтын мүлікті рәсімдеген. Жеке мүлікті заңдастыруға келгенде жерлестеріміздің таңдауы Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ және Францияға түскен.