Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанайда қаржы пирамидасын құрған күдікті 20 миллион теңгені қалтасына басқан

AstanaTV
26.07.2018ж. 20:00
3114
Қостанайда қаржы пирамидасын құрған күдікті 20 миллион теңгені қалтасына басқан

Қостанайда қаржы пирамидасын құрып, аңғал жұрттың 20 миллион теңгесін қалтаға басқан күдікті тергеуге алынды. Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің  айтуынша, 40 жастағы әйел жымысқы әрекетін 2017 жылдың ақпанынан мамыр айының аяғына дейін жалғастырған. Ол өзін әлемдік инвесторлармен әріптестік орнатқан "FIVE WINDS Asset Manegement» консалтингтік компаниясының өкілі ретінде таныстырған. Полицейлердің мәліметінше, шетелдік компания Қазақстанда жұмысын тоқтатқан. Ал күдікті бұрын сонда жұмыс істеген көрінеді. Заңсыз «пирамида» құрушы жұрттан алғашқы жарна ретінде ақша алып, тағы бірнеше адам ертіп әкелсең, қаражатыңды еселеп қайтарып аласың деп сендірген. Оған сенген тұрғындар 150 мыңнан бастап үш миллион теңгеге дейін қаржы салған. Әзірге 20 шақты адамның жапа шеккені анықталып отыр. Тергеушілер алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.

Нұрлан Арыстанов, Қостанай облыстық ІІД тергеу басқармасының басшысы:

«FIVE WINDS Asset Manegement» компаниясы төлемдерін тоқтатқанын біле тұра, осы компанияның атынан инвестициялық портфель ашқан. Бүгіндері  әйелдің алаяқтық іс-әрекеттерінен жапа шеккен 20 шақты адам Қостанай қалалық ішкі істер басқармасына шағымданып отыр. Зиян соммасы 20 миллион теңгеден артық.