Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алматыда ұрланған көлік айнасын сатпақ болған күдікті қолға түсті

Алматыда ұрланған көлік айнасын сатпақ болған күдікті қолға түсті

Алматыда ұрланған көлік айнасын саудаға салған күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салатанат Әзірбек хабарлады. Оның айтуынша, күдікті мегаполистегі ірі базардың бірі «Car city-де» қолға түскен. Күдікті Денис Теннің өлімінен кейін басталған "Құқық тәртібі" жедел тексеру шарасы кезінде құрықталған. 1990-шы жылғы Алматы облысының тумасы ұрланған автокөліктердің айнасын сатумен айналысқан, - дейді ІІД-нің ресми өкілі..

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Ұрланған автокөліктердің айнасын саудаға салған. 15 әйнек тәркілеп, қазіргі таңда қылмыстық іске дәйек зат ретінде тіркелді. Ұрланған заттарды саудаға салып, оны өткізіп, сатушыларды біз тек жедел, оперативтік, шұғыл тұрғыда өткізетін шаралар нәтижесінде ғана айқындай аламыз. Өйткені дәйекті заттар жинау керек болады