Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанай облысында кеншілердің жаппай улану оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
30.07.2018ж. 20:00
2941
Қостанай облысында кеншілердің жаппай улану оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысында кеншілердің жаппай улану оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал ауруханаға жатқызылғандар саны 45 адамға жеткен. Дәрігерлер науқастардың хал-ахуалы жақсарғанын айтады. Астан уланған 24 кенші облыстық ауруханаға жатқызылған. Қалған жиырма бірі Лисаков қалалық емханасында емделіп жатыр. Зертханалық тексеру қорытындысы 18 адамның жұқпалы ішек індетін жұқтырғанын дәлелдеді. Асхана жұмысшыларынан да сальмоноллез ауруы анықталды, - дейді облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің өкілдері.

Гүлім Досымова, Қостанай облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:

Асхананың 13 жұмысшысы зертханалық тексеруден өтті. Соның екеуінен сальмонеллез ауруы анықталды. Олар науқас емес. Медициналық көмекке жүгінбеген. Сау тасымалдаушы болуы мүмкін. Және жұқпалы ауруды солар жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.

Оқиға өткен бейсенбіде Лисаковтағы боксит кен басқармасында болған. Жұмыс орнындағы асханадан тамақ ішкен бір топ кенші кейін, медициналық мекемелерге жүгіне бастаған. Уланғандардың алғашқы легі 24 шілде күні ауруханаға түскен. Кеніш орыны «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамына тиесілі. Бұл жерде үш жүзден астам адам вахталық тәсілмен жұмыс істейді. 14 күн сайын ауысып отыратын кеншілер жергілікті асханадан тамақтанады. Бірақ акционерлік қоғам өкілдері тамақтану орнының аспазшылары 6 ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұратындығын хабарлаған болатын.