Қазақстандықтар
биыл автокөліктеріне VIP-нөмер сатып алуға 2 млрд теңге жұмсапты. Бұл өткен
жартыжылдықпен салыстырғанда 3 есеге көп. Бұл туралы «Азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілі "Facebook" парақшасында
жариялады. «Әдемі нөмерге» қызыққандардың көшін Алматы мен Астана қаласының
тұрғындары бастаса,Түркістан облысы үштікті қорытындылаған. Аталған сомаға
бас-аяғы 7 775 мемлекеттік тіркеу нөмері сатылыпты.