Алматыда «Тәуелсіз кәсіпкерлер палатасының» төрағасы Талғат Ақуовтың соты басталды. Оған Қылмыстық кодекстің 177 бабы 3-4 тармақтары бойынша, яғни "ірі және аса ірі көлемде ақша жымқырды" деген айып тағылып отыр. Тергеу материалдарына сүйенсек, ол өзі құрған ұйым мүшелерінен ішкі туризмді дамыту үшін миллиондаған қаржы алып, қайтармай кеткен. Бүгінде өз ақшаларын алуға 47 адам арыз жазыпты.
Тұражан Бақбаев, жәбірленуші:
Бүкіл республикаға ақыл айтып жатыр экономикалық жағынан, юридический. Сосын сенуге тура келді. Мен 100 мың доллар ақша салдым. Адамгершілігінің жоқтығы соншалық, жолдасым ауырды. Врачтар трансплантация жасау керек деді бүйрекке. Содан ақша керек деп, сұрап барамыз жалынып, бермейді ғой. Қандай наказание алады, оны заң өзі шешеді ғой. Біздің талабымыз ақшамызды қайтарса болды.
Еске
салайық, Талғат Ақуов - Қазақстандағы алғашқы кәсіпкерлер қауымдастығын
құрғандардың бірі. Құрамына 1500-нан аса іскер азамат тіркелген ұжымды 10
жылдан аса басқарған ол 2014-ші жылы қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.
Бірақ сол жылдан бастап бой тасалаған кәсіпкер араға тек 4 жыл уақыт салып
қана Қарағанды қаласында ұсталған болатын.