Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Дау туғызған заңға қатысты Үкімет қаулысы 20 тамызға дейін қабылданады

AstanaTV
31.07.2018ж. 20:00
2603
Дау туғызған заңға қатысты Үкімет қаулысы 20 тамызға дейін қабылданады

Соңғы 20 жылда Қазақтанда зейнетақы алудан бір-ақ адам бас тартқан. Дау туғызған заңға қатысты түсінік берген Еңбек министрінің орынбасары Светлана Жақыпова осындай мәліметпен бөлісті. Светлана Қабыкенқызы әлеуметтік желідегі әрбір комментарийді оқыған сыңайлы. Кейбіріне Үкіметтегі брифингте жауап беруге тырысты. Келісімшартпен жұмыс істейтіндер депозитке қор жинаса, тиімді деп жазатындарға айтары бар. Заңды қате түсінген азаматтарға ашына сөйледі. "Егер қамсыз қарттығын ертерек ойласа, жеме-жемге келгенде зейнетақы алуға неге барлығы бірдей өтініш білдіреді дейді",- вице-министр. Мемлекет төлейтін базалық зейнетақыдан 2,7 млн адам ішінен бір-ақ адам бас тартқан.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Бір ғана мысал келітре аламын. Ол белгілі, беделді азамат.  Зейнетақыдан бас тартты. Ол кісі 20 жыл бойы зейнетақыға өтініш бермей жүрді. «Мемлекетіме рақмет, осы уақытқа дейін жиып-тергенім өзіме жетеді» дейді. Ол елші болып жұмыс істеген. Біз онымен сөйлестік, бәрін түсіндірдік. Ол кісі өтініш берген жоқ. Айтып түсіндіргеннен кейін өтінішін алдық.

Ал дау туғызған заң жобасына қатысты Үкімет қаулысы кешіккен жоқ. Тәртіп бойынша ол бір ай ішінде қабылдануы керек. Зейнетақы төлеу туралы заң 2 шілдеде күшіне енді. Оны ашып түсіндіретін Үкімет қаулысы кешікті деген сарапшыларға осылай жауап берді. Және қаулы 20 тамызға дейін қабылданады деп сендірді. Министрдің орынбарасы тіпті сайтқа скриншот салуға әзір.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Егер әлдекімге қызық болса, сайтқа мемлектетік огандардың интернет-порталынан скриншот жасап салайық. Заңнамалық актілер қай уақытта қай органға келісімге жіберілді. Бұл жерде кешігу туралы әңгіме жоқ.