Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматылық тұрғындардың бүгінге дейін ыстық су және жылу қызметіне қарызы 3 миллиард теңгеден асады

AstanaTV
01.08.2018ж. 20:00
2413
Алматылық тұрғындардың бүгінге дейін ыстық су және жылу қызметіне қарызы 3 миллиард теңгеден асады

Алматылық тұрғындардың ыстық су және жылуға қарызы 3 миллиард теңгеден асқан. Осыған орай жылуға жауаптылар бүгін рейдке шықты. Қарызы бар тұрғындардың құбырларын бітеді. Тексеруге шыққандар алдымен мына тұрғын үй кешеніне келді. Мұндағы тұрғындардың жылу мен ыстық суға берешігі 1 миллион теңгеге жуықтаған. Бірақ көпшілігі есігін ашпады. Мамандар оған қарамастан, ыстық су құбырын бітеп, есіктеріне арнайы ескерту қағаздарын қалдырды. Дегенмен қарызы төленгенін айтып, құбырдағы суды тоқтатуға қарсылық білдірген тұрғындар да табылды.

 «Я оплатил в мае этого года, вот квитанция на 27 тысяч тенге за отопление. Какие вопросы ко мне? Эти ваши цифры - неправда».

Жыл басынан бері 3 мыңнан аса нысан жылу қызметінен өшіріліпті. Кәсіпорын мамандары берешегі бар үйлерге осыдан үш ай бұрын сот қағазы берілгендігін айтады. Қарызды өтеуге асықпағандықтан, осындай қадамға барып отырмыз, деді. Ал хабарлама таратылған тұрғындардың 5616-сы берешегінен құтылған.

Рауан Достаев, «АлЖЖ» ЖШС инженері:

Бүгінгі уақытқа дейін 80 пәтерден өшіріп жатқан жайымыз бар. Мақсат - төленбеген тұтынушыларды ыстық су жылуынан ажырату және де ары қарай төленбей жатқан жағдайда жылу жүйесінен ажырату. Сол себепті осындай шара қолданып жатырмыз. Ол кісілер қарызын төлеу керек. Қарызын төлегеннен кейін ғана жылуды қосамыз.