Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Биыл ақысыз оқуға үміттенген 75 мыңнан астам түлектің барлығы грантты иеленбейді

AstanaTV
01.08.2018ж. 20:00
3322
Биыл ақысыз оқуға үміттенген 75 мыңнан астам түлектің барлығы грантты иеленбейді

Биыл ақысыз оқуға үміттенген 75 мыңнан астам түлектің барлығы грантты иеленбейді. Бүгін оқу орындарына 53 жарым мың мемлекеттік грант бөлінетіні белгілі болды. Мұны Білім және ғылым министрлігінің мамандары мәлімдеді. 53 мыңнан астам гранттың 24 мыңы техникалық мамандықтарға бөлінбек. 9 мыңнан астамы педогогикалық, 2 785-сі ауыл шаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға үлестірілген. 2 700-і медициналық мамандыққа бөлінген. Ал ең аз грант саны заңгер мамандығына, 100 орын.  Қалғаны әлеуметтік-экономикалық, қызмет көрсету, әскери мамандықтарға қарастырлған. Ал грантқа өтініш берген 75 мың түлектің қайсысы тегін оқи алатыны осы аптада белгілі болмақ.

Рахман Алшанов,  ҚР Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының төрағасы:

Мектеп бітірген түлектер соңын 75 мың адам баллды алды оқуға түсетіндей. Пороговый баллды өтті. Былтырға қарағанда жоғары көрсеткіштері. Былтырлары көп адам сыртқа кетіп еді. Қазіргі кезде елімізде оқимыз дегендердің саны өсті. Соңын ішінде қазақ мектеп бітіргендердің көрсеткіші жоғары. Қазір 80 пайыз қазақ мектебінде оқып жатқандар бар. Бұрын 50 де 50 болатын болса, соңғы жылдары, биыл 75 пайызға қазақ мектебін бітірген балалар конкурсқа қатысатын болды.