Ипотека рәсімдеу кезінде есепшот ашқаны үшін салынатын банк комиссиясына шектеу қою заемшылар шығынын қысқартады. Ұлттық банк өкілі Иман Аль-Кейси осылай деді. Шектеу реттеуші банктің бастамасымен енгізді. Ол 16-шілдеде күшіне енген. Бұған дейін қаржы орталығы екінші деңгейлі банктерде несие рәсімдер алдында алынатын төлемнің тізбегін бекіткен. Оған өтінішті қарау, займды ұйымдастыру секілді 11 қызмет түрі кірген. Иман Аль-Кейси банктер комиссия мөлшерлемесін өздері тағайындап келгенін айтты. Банктердің бұл реттегі заңсыздығы әшкереленіп, ипотека рәсімдеу кезінде ашылатын есепшот үшін ақша төлеуге тыйым салынып отыр.
Иман Аль-Кейси, ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызметтердегі тұтынушылар құқын қорғау басқармасы басшысының орынбасары:
Мысалға, есептек көрейік. Заемшы орта есеппен жылжымайтын мүлігін кепілге қоя отырып, 60 айға 3 миллион теңге рәсімдеді. Ағымдағы шотты жүргізу үшін бастапқы несие соммасының комиссиясы 0,77 пайызды құрайды. Яғни ол ай сайын сыйақы мөлшерлемесінен бөлек 23 мың теңге тағы қосып төлейді. Бұл жай ғана ағымдағы шотты жүргізу үшін қойылған комиссия. 60 айдың ішінде оның артық төлемі миллионнан асып жығылады. Сондықтан біз енгізген тиым сол шығынды әлдеқайда қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.
Қазір
Ұлттық банк ағымдағы есепшот ашқаны үшін алынатын комиссияны қарап жатыр.