Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шекара бұзған Ресей азаматтарына қару қолданылды

AstanaTV
01.08.2018ж. 20:00
2354
Шекара бұзған Ресей азаматтарына қару қолданылды

Қазақстандық шекараны бұзғаны үшін Ресей азаматтары бір жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін. Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде қайыққа мінген 4 адамды ұстады. Бұйрыққа құлақ аспаған соң, әскерилер қару қолдануға мәжбүр болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ұсталғандардың екеуінің жасы 52-де, бірі 36-де, кішісі 20-да. Олардың қайығында 200 литр су, газ плиткасы мен баллон, құрал-сайман және азық-түлік қоры болған. Ресей азаматтарының айтуынша, олар адасқандықтан, судағы шекара аймағына өтіп кеткен. Мемлекеттік шекараны бұзу бойынша қылмыстық іс қозалды.

Талғат Төребаев, ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті басқармасы басшысының орынбасары:

Қазір тергеушілер жағдайға қатысты сотқа дейінгі материалдарды жинап жатыр. Ұсталған азаматтар бөлімшеде. Материалдар толық жиналған соң, 2 айға дейін қамауға алу туралы санкцияны қабылдаймыз, содан кейін сотқа жүгінеміз.