Павлодарда
сүрілетін саяжай иелері өтемақы ала бастады. Ол жерге Ертіс өзені үстінен көпір
салынбақ. Меншік иелеріне өтемақыны
құрылыс компаниясы өз қалтасынан төлеп жатыр. «Павлодар жолдары»
кәсіпорны екі саяжай иесіне ақша аударған. Тағы 4 қожайынның келісімін алған.
Мұндай әрекетке мердігерлер нысанды тапсыруды мерзімінен кешіктірмеу үшін
амалсыз барып отыр.
Бүгінде жол айрығын салу жұмыстары қарқын алды. Бұл өткел
«Орталық-Шығыс» автобаны республикалық жобасының маңызды бөлігі болып табылады.
Күре жол Қазақстанды Ресей және Қытаймен байланыстырмақ. Көпірдің ұзындығы 12
шақырым, төрт жолақты. Ауқымды құрылысқа республикалық бюджеттен 54 млрд теңге
жұмсалған. Сондай-ақ, жаңа көпір Ақсу мен Павлодар арасындағы жолды 15
шақырымға қысқартады.
Кристина
Паршукова, бас мердігер компанияның өкілі:
Жұмыс тоқтап тұрды. Бірақ көпірді салу керек.
Өтемақыны төлеу жұмыстары да кешеуілдеп жатыр. Жағдай осылай жалғаса берсе, бұл
біздің жұмысымызға кедергі келтіреді. Көпірді қолданысқа беру уақыты шегерілуі
мүмкін.
Жер
қатынастары бөлімінің ақпарынша, мердігер компанияның шығыны толықтай
қайтарылады. Анықталғандай, бұзылатын 157 саяжайдың 146-ның қожайыны келісімін
берген. Телімді мемлекетке қайтаруға келіскендерге өтемақы тағайындалады. Жер
учаскелері 700 мың теңгеден 4 млн теңгеге дейін бағаланды.
Назар
Жұмабеков, Павлодар қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:
Осы
аптада республикадан алғашқы транш аударылды. 41 млн теңге. Біз казынашылыққа
өтініш жібердік, бірер күнде ақша қала бюджетіне түседі деп күтіп отырмыз.
Дүйсенбіден жер телімдерін алу жұмысын бастаймыз. Жалпы саны 57 саяжай
сүріледі.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ