Солтүстік Қазақстан облысы Архангел ауылында тағы 17 бас малдың бруцеллезге шалдыққаны белгілі болды. Олар арнайы қасапханада сойылған. Мұны аудандық ветеринария бөлімінің өкілдері хабарлады. Олар дертке шалдыққан ірі қараның бұл жолғы партиясы көктемде ауру малмен бір қорада тұрғанын айтады.
Сырғабек Байжанов, СҚО Қызылжар ауданы ветеринария бөлімінің басшысы:
Соңғы тексерісті шілденің 24-25 бастағанбыз. Лабораториядан сараптама алдық, одан он жеті бас оң нәтиже берді. Кешеден бері ауру малдарды, мал сою қорымдарында сойдырып жатырмыз. Бүгінде тағы он бас әкелдік. Сонымен уже 17 бас сойылды. Мынау он жеті малдың өтемақысы сентябрдың аяғына дейін төленеді.
Галина Штарк, Архангел ауылының тұрғыны:
Біз қара малдың етін 1200 теңгеден тапсырып жүрдік. Ал арнайы қасапханада ауру малдың келісіне 620-ақ теңге беріп жатыр. Көктемде менің бір сиырымды әкетті. Енді соңғы тайыншамды сойып тастады. Мен оны қорадан мүлде шығарған жоқпын. Қалай ауру болғаны белгісіз.
Бүгінде
төрт түлік иелерінің барлығына өтемақы төленіпті. Оған жергілікті бюджеттен 3
жарым миллион теңге бөлінген. Қазір сала мамандары 20 күн сайын елді мекендегі
ірі қараны жаппай тексерістен өткізіп жатыр. Қызылжар ауданының Архангел
ауылында былтырдан бері 150-ден астам сиырдан бруцеллез таяқшалары табылған.
Оның басым бөлігі жергілікті шаруашылыққа тиесілі. Қарапайым ауыл халқының да
26 бас малы дертті жұқтырған. Ірі қараның түгел дерлігі былтырғы қарашадан
бастап пышаққа ілінді. Кей тұрғындардың малы түгел сойылып, қоралары қаңырап
қалған.