АҚШ экономикасының нығая түсуі бірқатар елдің ұлттық валютасын әлсіретті. Қазақстан бұдан тыс қалған жоқ. Теңгенің әлсіреуін түсіндірген Ұлттық банк бүгін осындай мәлімет таратты. Америка Федералды резервтік жүйесінің экономиканы тұрақтындыру саясатын қатаңдатуына байланысты портфельдік инвестициялар әкетіліп жатыр. АҚШ маусым айының ортасында пайыздық мөлшерлемені 2 пайызға дейін өсірді. Бұл америкалық облигацияларды тартымды ете бастаған. Осылайша инвестицияның басым бөлігі АҚШ нарығына кеткен.
Ал шетелдік инвесторлар Қазақстаннан соңғы 4 айда 900 млн долларды құрайтын құнды қағаздар нарығынан шыққан. Ал теңге бағамының қалыптасуына әлемдік пайыздық мөлшерлемемен қатар мұнай бағасы, сауда әріптес елдер валютасының бағамдары, төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі мен Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі әсер етеді. Дегенмен Ұлттық банк теңге айтарлықтай әлсіреген жоқ деп отыр. Бүгін көкқағаз құны 350-351 теңге аралығында сатылып жатыр.
Бағалардың нарықтық конъюнктурасы және
экономика өсуінің оң қарқындары теңгеге қолдау көрсетті және қалған
факторлардың әлсіреуші әсерін жұмсартты,
бұл теңге бағамының АҚШ долларына
қатысты салыстырмалы түрде алғанда шамалы әлсіреуінде көрінді.