$447.9 €482.16 ₽5.54
×

Иранда ұлттық валюта құлдырады

AstanaTV
03.08.2018ж. 20:00
2170
Иранда ұлттық валюта құлдырады

Иран риалы құлдырады. Ұлттық валютаның құлдырауына қарсылық білдіргендер халықтық жаппай шеруі бүгін Тегеранға да жетті. Демонстранттар екі күннен бері Исфахан мен Шираз және Мешхедте, Арак, Караж, барлығы 10 қалада толқулар ұйымдастырған.

Бұған ұлттық валютаның құлдырауы ғана емес, елдегі жұмыссыздықтың күрт артуы да түрткі болып отыр. Ал ресми бағам бойынша 1 доллардың құны  44 мың риалға тең. Валютаның қара базардағы құны 112 мың риалға жеткен. Салдарынан елдегі тұтыну тауарлары мен отынның бағасы күрт өскен. Көшеде үкіметке қарсы ұрандатқандардан бөлек, әлеуметтік желілерде «Иран режимінің өзгеруі» хэштегі бойынша виртуалды қозғалыс пайда болды. Ал Bild неміс басылымының мәлімдеуінше, Иран билігі «Deutsche Bundesbank-қа» 320 млн еуро көлеміндегі мемлекеттік бюджет ақшасын сұраған. Санкциялардың салдарынан ирандықтар шетелде несие карталарын пайдалана алмады. Ақшаны ел осы мақсатқа сұраған. Бірақ неміс банкі Иранға қатысты жаңа қаржы саясатына байланысты қолма-қол ақшаны аударудан бас тартты.