$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Ауыл тұрғыны екі жылдан бері жайылымдық жер ала алмай келеді

AstanaTV
10.08.2018ж. 20:00
3549
Ауыл тұрғыны екі жылдан бері жайылымдық жер ала алмай келеді

Қызылорда облысының малшысы Ғафұр Байдеуов екі жылдан бері мемлекеттен жайылымдық жер ала алмай келеді. Айтуынша, осы уақытқа дейін ауданда жер учасекелеріне қатысты үш рет сауда-саттық аукционы өткізіліпті. Бірақ оған жер бұйырмаған. Сондықтан жылқы, сиыр мен 300 бас қойды бағуға қажетті жерді малшы жекеден қыруар ақшаға жалға алуға мәжбүр екенін айтады. Қожалық ашып, кәсібін дөңгелеткісі келген ол екі жыл бұрын аудандық жер қатынастары бөліміне арыз жазғанмен, жер ала алмай жүр.

Ғафур Байдеуов, малшы:

Енді содан кейін үш аукцион өтті ғой. Төрт семьяның айлығын төлеп отырмын. Жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Мен кәсіпкерге саналып отырған жоқпын бірақ. Кәсіпкерге саналу үшін мен шаруа қожалық ашуым керек, пенсионный фонд төлеуім керек, налогты төлеуім керек. Елге дегенде үлесім бұл, былайынша келгенде. Соған маған жәрдем болса, жер болса. 

Жер қатынастары бөлімінің мамандары осы уақытқа дейін малшының арызында көрсетілген жерлерді зерттеп келген. Ал аудан әкімі бұл мәселені бірінші рет естіп тұрғанын айтты.

Әшім Оразбекұлы, Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі:

Біз қойдың басын көбейте алмай жатырмыз, усақ малдын басын көбейте алмай жатырмыз. Біз сырттан адам шақыртып жатырмыз. Әрі қарай өзім контроль жасаймын, бақылау жасаймын.