Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан Президенті кубогының алғашқы матчында «Барыс» командасы жеңіске жетті

AstanaTV
10.08.2018ж. 20:00
2768
Қазақстан Президенті кубогының алғашқы матчында «Барыс» командасы жеңіске жетті

Астаналық «Барыс» хоккейден Президент кубогы турнирінің алғашқы күнін жеңіспен бастады. Команда қарсыласы хабарлық «Амур» қақпасына соңғы шешуші голды овертаймда соқты. Халықаралық маусымдағы алғашқы ойында астаналық құрама 3 бірдей жаңа ойыншымен толықты. Бұлардың қатарында Кёртис Волк, Патрис Кормье және Андре Петерссон бар. Ал команда көшбасшысы Брэндон Волк қыркүйектің 1-не дейін ойынға қатыса алмайды. Өйткені халықаралық хоккейден федерация ойынының ережесіне сай мансабын бір жылдан кейін қайта жалғастырғандар міндетті түрде қосымша медициналық тексерістен өтуі тиіс. Ал барыстықтар мен амурлықтардың матчына келетін болсақ, ойынның 26 минутында шабуылдаушы Никита Михайлис "Барысқа" алғашқы жеңісті сыйлады. Бірақ ақырғы минутта барыстардың қақпасына  "Амур" қорғаушысы Иван Глазков гол салып, есепті теңбе-тең етті. Сондықтан әділ-қазылар қосымша тағы бірнеше минут берді. Алайда  овертайм ұзаққа созылмады. Себебі хабарлықтардың қақпасына соңғы шешуші голды канадалық жаңа ойыншы Кёртис Волк салды.

Никита Михайлис, «Барыс» хоккей командасының шабуылдаушысы:

Бұл өз жеріміздегі алғашқы ойын  және мұны жеңу керек екенін бәріміз білеміз. Бірінші периодта көп эмоцияға ерік бердік. Сосын ойын бір қалпына келді және әрбіріміз қалай әрекет етуін және қарсылас команданың қақпасына гол салып, ойынды жеңіспен аяқтауды мақсат еттік.

Андрей Скабелка, «Барыс» хоккей командасының бас жаттықтырушысы:

Біздің ойыншылар өте жақсы ойнады. Әуел баста ұсынған ойынның тактикасын хоккейістеріміз толықтай орындап шықты. Сондай-ақ турнирдің алғашқы күнінде қазақстандық құрама Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» кездесті. Ал ертең ойыншыларға демалыс. Президент кубогының жеңімпазын анықтайтын ойынның шешуші ақтық кезеңі жексенбі күні өтеді.